24.09.2025 01:57
«Ливерпуль» «Саутгемптонды» тізе бүктірді
24.09.2025 01:57
Лига кубогының 1/16 финалы аясында «Ливерпуль» «Саутгемптонды» 2:1 есебімен жеңді
Бұл матчта Александер Исак өзінің «Ливерпульдегі» алғашқы голын соқты. Сондай-ақ Уго Экитике де мергендігімен көзге түсті.
Еске салайық, Ағылшын Премьер-лигасының бес турынан кейін 15 ұпай жинаған Арне Слот шәкірттері турнир кестесінде көш бастап келеді.