24.09.2025 01:00

Гави саптан шықты

24.09.2025 01:00

«Барселона» ойыншысы Гави тізесіне ота жасатты

Испаниялық жартылай қорғаушы менискісін зақымдап алған еді. Осыған байланысты оған артоскопия жасалып, тізе тұсына тігіс салынды.

Соның салдарынан шамамен 4-5 ай бойы матчтарға қатыса алмайды.

Бұған дейін каталониялық клубтың тағы бір ойыншысы Фермин Лопес сол аяғындағы бұлшық ет жарақатына байланысты үш аптаға қатардан шыққан еді.

Айта кетейік, Гави Ла Лиганың биылғы маусымында екі ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram