30.08.2025 14:07
Гави қатардан шықты
30.08.2025 14:07
«Барселона» футболшысы Гави жарақат алды
Испаниялық жартылай қорғаушының оң аяғының тізесі зақымдалған.
Гави жұма күні жарақатына байланысты өзін жайсыз сезініп, ұжымдық жаттығуды соңына дейін аяқтай алмаған екен.
Осыған байланысты, жексенбі күні өтетін «Райо Вальеканоға» қарсы кездесуге қатыса алмайды.
Айта кетейік, Гави биылғы маусымда Ла Лиганың екі ойынына қатысып, бір нәтижелі пас берді.