25.08.2025 17:26
10
Букайо Сака қатардан шықты
25.08.2025 17:26
10
«Арсенал» ойыншысы Букайо Сака қатардан шықты
Англия құрамасының жартылай қорғаушысы «Лидске» (5:0) қарсы ойында жамбасын жарақаттап алған еді.
BBC мәліметінше, Сака осыған байланысты төрт апта бойы ойындарға қатыса алмайды.
Сака өткен маусымда жалпы 37 матч өткізіп, 12 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген еді.
Айта кетейік, АПЛ-дың алғашқы екі турында да жеңіске жеткен лондондық клуб турнир кестесінде көш бастап келеді.