08.09.2025 15:11
Гавиге тағы ота жасалуы мүмкін
08.09.2025 15:11
«Барселона» ойыншысы Гавиге ота жасалуы мүмкін
Cataluniya Ràdio хабарлауынша, Гавидің тізесіндегі жарақаты әлі де толық айықпаған екен. Буындарын тазалау үшін оған тағы бір операция қажет болып тұр.
Осыған дейін испаниялық жартылай қорғаушы байламдарының үзілуіне байланысты 2023 жылы тізесіне ота жасатқан еді.
Гави биылғы маусымда Ла Лиганың екі ойынына қатысып, бір нәтижелі пас беріп, көзге түсті.