23.09.2025 10:21

Гави қатардан шығып қалды

23.09.2025 10:21

«Барселона» ойыншысы Гави жарақат алды

Испаниялық жартылай қорғаушының оң жақ тізесіне ота жасалатын болды.

AS мәліметінше, 21 жастағы футболшы осыған байланысты шамамен 5-6 апта бойы алаңға шыға алмайды. Соның салдарынан ПСЖ, «Олимпиакос» және «Реалға» қарсы матчтарда командасына көмектесе алмайды екен.

Бұған дейін каталониялық клубтың тағы бір ойыншысы Фермин Лопес сол аяғындағы бұлшық ет жарақатына байланысты үш аптаға қатардан шыққан еді.

Айта кетейік, Гави Ла Лиганың биылғы маусымында екі ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram