24.09.2025 01:40
«Челси» Лига кубогында жеңіске жетті
24.09.2025 01:40
Лига кубогының 1/16 финалы аясында «Челси» «Линкольнды» қапы қалдырды
Линкольнда өткен кездесуде «Челси» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Лондондықтардың сапында Джордж Тирик пен Факундо Буонанотте гол соқты.
Еске салайық, бес турдан кейін сегіз ұпай еншілеген «ақсүйектер» Ағылшын Премьер-лигасының турнир кестесінде 6-орында келеді.