14.09.2025 02:34
«Челси» «Брентфордты» жеңе алмады
14.09.2025 02:34
Ағылшын Премьер-лигасының 4-туры аясында «Челси» сырт алаңда «Брентфордпен» тең тарқасты
Лондондық дербиде 2:2 есебі тіркелді. Алғашқы голды Кевин Шаде соқты. Кейін Коул Палмер мен Мойзес Кайседо мергендік танытып, «Челсиді» есепті алға шығарды. Ал 90-минутта ойынға тыңнан қосылған Фабио Карвалью араға үш минут салып таблодағы көрсеткішті тең қылды.
Осылайша, қос команда бір ұпайды қанағат тұтты.
Төрт турдан кейін сегіз ұпай жинаған Энцо Мареска шәкірттері турнир кестесінің 5-сатысында келеді. Ал еншісінде төрт ұпайы бар «аралар» 12-орынға жайғасқан.