11.01.2026 18:39
«Ливерпуль» ойыншысы үшін маусым аяқталды
11.01.2026 18:39
«Ливерпуль» қорғаушысы Конор Брэдли қатардан шықты

22 жастағы ойыншы «Арсеналға» (0:0) қарсы матчта сол жақ тізесін оңбай зақымдаған еді. Осыған байланысты ол осы маусымның соңына дейін командасына көмектесе алмайды. Оған жақын күндері ота жасалатын болды.
Бұл Конордың мансабындағы сегізінші жарақаты болды. Осыған дейін 277 күні емделуге кетіп, 58 матчтан тыс қалған.
Брэдли осы маусымда 21 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.