02.05.2026 12:04
Левандовски «Ювентуспен» келісімге келді
02.05.2026 12:04
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын «Ювентусте» жалғауы мүмкін

Tuttosport хабарлауынша, қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Роберттің агенті Пини Захави Турин клубымен кездесіп, бір жылға жарамды келісімшарт бойынша мәмілеге келіпті. Оған сәйкес Левандовскидің бір жылдағы жалақысы бонустарды есептемегенде алты миллион еуроны құрайды екен. 37 жастағы поляк форварды Чемпиондар лигасына шыққан жағдайда ғана «бьянконери» қатарына қосылуға дайын.
Левандовски Каталония клубына 2022 жылы «Бавариядан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 41 матчта 17 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.