02.12.2025 19:23
Ла Лиганың үздік жас ойыншысы белгілі болды
02.12.2025 19:23
«Вильярреал» вингері Альберто Молейро Ла Лиганың қарашадағы үздік жас ойыншысы (U23) атанды

22 жастағы испан ойыншысы өткен айда төрт ойында төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осылайша дауыс беру нәтижесінде Фермин Лопес («Барселона»), Джуд Беллингем («Реал»), Валентин Гомес («Бетис») және Альваро Родригесті («Эльче») артта қалдырды.
Ал 14 турдан кейін 32 ұпай жинаған оның командасы «Вильярреал» турнир кестесінде үшінші орында келеді.