02.12.2025 17:48

«Барселона» ойыншысы қатардан шықты

02.12.2025 17:48

«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг қатардан шықты

28 жастағы Нидерланд ойыншысының қызуы көтеріліп, сырқаттанып қалыпты. Осыған байланысты бүгінгі «Атлетикоға» қарсы ойынға шақырту алған футболшылар тізіміне енбей қалды.

Де Йонг осы маусымда 15 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Еске салайық, Ла Лиганың 19-туры аясында өтетін «Барселона» – «Атлетико» кездесуі бүгін, 2 желтоқсан сағат 01:00-де басталады. Матчты Setanta Sports 2 арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram