02.12.2025 12:46

«Бавария» ойыншысы «Бенфикаға» ауысуы мүмкін

02.12.2025 12:46

«Бавария» қорғаушысы Рафаэль Геррейру мансабын Португалияда жалғастыруы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, Португалия құрамасының ойыншысына «Бенфика» қызығушылық танытып отыр.

Геррейрудың Мюнхен клубымен келісімшарты келер жазда аяқталады. Әзірге оны ұзарту жөнінде келіссөз жүріп жатқан жоқ екен. Сондықтан «қырандар» 31 жастағы футболшыны еркін агент ретінде қатарға қосуды көздейді.

Геррейру Бундеслиганың осы маусымында жеті матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram