02.12.2025 11:14
«Атлетико» ойыншысы АПЛ-ге оралуы мүмкін
02.12.2025 11:14
«Атлетико» жартылай қорғаушысы Конор Галлахер Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

Фабрицио Романоның мәліметінше, 25 жастағы ойыншыға «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытуда. Манкуниандықтар қысқы трансфер кезеңінде Мадридтің клубына 30 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасамақ ниетте екен.
Айта кетейік, Галлахер «Атлетикоға» 2024 жылдың жазында «Челсиден» келіп қосылған еді. Осы аралықта 69 ойында алты гол соғып, алты нәтижелі пас берді.