02.12.2025 09:53
Дуэге Golden Boy жүлдесі табысталды
02.12.2025 09:53
ПСЖ вингері Дезире Дуэге 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды

Туринде өткен марапаттау рәсімінде 20 жастағы ойыншыға Golden Boy жүлдесі табысталды.
Франция құрамасының жұлдызы дауыс беру нәтижесінде мүмкін болған 500 дауыстың 450-ін жинапты. Одан бөлек үміткерлер қатарында Пау Кубарси, Санни Меюлю, Уоррен Заир-Эмери, Дин Хейсен, Франко Мастантуоно, Арда Гүлер, Кенан Йылдыз, Майлс Льюис-Скелли, Итан Нванери, Йоррел Хато, Жеовани Кенда, Эстевао, Лени Йоро, Нико О’Райли, Джованни Леони, Лукас Бергвалль, Арчи Грей, Джоб Беллингем, Элисс Бен-Сегир, Пио Эспозито, Виктор Фрохольдт, Родриго Мора, Мамаду Сарр және Александар Станкович болған.
Сондай-ақ ең үздік италиялық жас ойыншы аталымында «Интер» шабуылшысы Франческо Пио Эспозито топ жарды.
Дуэ өткен маусымда ПСЖ-мен тарихи требл жасап, Франция Суперкубогын жеңіп алды. Жалпы 54 ойында 15 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.