02.12.2025 15:18
Фримпонгтың қашан оралатыны белгілі болды
02.12.2025 15:18
Қатардан шыққан «Ливерпуль» қорғаушыларының жағдайы белгілі болды

Чемпиондар лигасындағы «Айнтрахтқа» (5:1) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алған Жереми Фримпонг жаттығуға тек келесі аптада оралады екен. Осылайша алдағы үш матчта командасына көмектесе алмайды.
Ал бұлшық етінен жарақат алған Конор Брэдли кеше топпен бірге шынығыпты. Бірақ ертеңгі «Сандерлендке» қарсы матчқа 100% дайын емес болып шықты. Ол «Лидспен» ойынға қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, «Ливерпуль» АПЛ аясында 3 желтоқсан күні «Сандерлендті» қабылдаса, араға үш күн салып, «Лидске» қонаққа барады.