26.03.2026 14:16
Кварацхелия «Арсеналға» ауысуы мүмкін
26.03.2026 14:16
ПСЖ вингері Хвича Кварацхелия «Арсеналға» ауысуы мүмкін

The Independent хабарлауынша, «зеңбірекшілер» шабуыл шебіндегі бірқатар ойыншыны сатып, одан түскен қаражатты Хвичаның трансферіне салмақ.
Кварацхелияның өзі Лондон клубына ауысуға қарсы емес. Бірақ ПСЖ оны оңайлықпен бергісі келмейді. Сондықтан «Арсеналға» Хвичаны алу қиынға соғайын деп тұр.
25 жастағы Грузия құрамасының капитаны Париждің клубына 2025 жылдың қаңтар айында «Наполиден» 80 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 37 матчта 12 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.