26.03.2026 13:54
Энцо үшін 200 млн еуро төлеуге дайын клуб белгілі
26.03.2026 13:54
«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес мансабын Сауд Арабиясында жалғауы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, оны «Әл-Иттихад» аттай қалап отыр. «Жолбарыстар» Энцо үшін 200 миллион еуро төлеуге дайын екен.
Одан бөлек 25 жастағы аргентиналық ойыншыға көз тіккендердің қатарында «Реал» мен ПСЖ бар. Фернандестің өзі «Челсиден» кеткісі келеді.
Лондонның клубы Энцоны 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 46 матчта 12 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.