19.02.2026 19:11
Куртуа Франция клубының инвесторы атанды
19.02.2026 19:11
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа Францияның «Ле-Ман» клубына қаржы құяды

Осылайша 33 жастағы бельгиялық ойыншы Новак Джокович (теннис), Фелипе Масса (автобәйге) және Кевин Магнуссен (автобәйге) сынды белгілі спортшылармен бірге «Ле-Манның» инвесторы атанды.
23 турдан кейін 39 ұпай жинаған «қызыл-алтындар» Францияның Екінші лигасында бесінші орында келеді.