20.03.2026 14:52
Кубарси клуб ауыстыруы мүмкін
20.03.2026 14:52
«Барселона» қорғаушысы Пау Кубарси клуб ауыстыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 19 жастағы испаниялық ойыншыға «Арсенал», «Манчестер Сити», «Челси» және «Бавария» қызығушылық танытып отыр. Аталған клубтар Пау үшін жазғы трансфер кезеңінде таласқа түспек. Бірақ бүгінге дейін ешқандай келіссөз болмапты.
Кубарси осы маусымда 39 матчқа қатысып, бір гол соқты. Оның келісімшартында көрсетілген сатып алу құны 500 миллион еуроны құрайды.