20.05.2026 12:15
Кристиан Киву «Интерде» қалады
20.05.2026 12:15
«Интер» бас бапкері Кристиан Киву клубпен келісімшартын ұзартады

Андреа Павенти хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзарту жөнінде толықтай келісімге келді. Жаңа шарт 2028 жылдың жазына дейін жарамды болады және оны тағы бір маусымға созу мүмкіндігі бар. Клуб бұл жаңалықты келер аптада хабарлауды жоспарлап отыр.
45 жастағы румын бапкері Миланның командасын өткен жазда тізгіндеген еді. Оның тұсында «нерадзурри» 38 рет жеңіске жетіп, жеті мәрте тең түссе, 12 ойында қарсыласына жол берді және биыл Италия чемпионы атанып, кубогын жеңіп алды.