20.05.2026 01:36

«Арсенал» Англия чемпионы атанды

20.05.2026 01:36

Ағылшын Премьер-лигасының 37-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Борнмутпен» (1:1) тең тарқасты

Осылайша «Арсенал» чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда мезгілінен бұрын 14 дүркін чемпион атанды. «Зеңбірекшілер» бұған дейін соңғы рет 2003/04 жылғы маусымда топ жарған.

37 турдан кейін 82 ұпай жинаған Микель Артетаның шәкірттері турнир кестесінде көш басында және одан төмен түспейді. Соңғы турда Лондонның клубы 24 мамыр күні «Кристал Пэласқа» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram