20.05.2026 02:02
«Челси» «Тоттенхэмнен» басым түсті
20.05.2026 02:02
Ағылшын Премьер-лигасының 37-турында «Челси» өз алаңында «Тоттенхэмнен» басым түсті

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Жоао Педро мен Андрей Сантос мергендік танытты. Ал «Тоттенхэмнің» жалғыз голын Ришарлисон соқты.
Осылайша «көктер» 52-ұпайын еншілеп турнир кестесінде сегізінші орынға жайғасты. Ал 38 ұпайы бар «Тоттенхэм» 17-орында тұр.