21.02.2026 21:14
«Комо» «Ювентусты» жеңіп кетті
21.02.2026 21:14
Италия А Сериясының 26-турында «Комо» сырт алаңда «Ювентустен» басым түсті

«Альянц Стэдиумде» өткен кездесуде 0:2 есебі тіркелді. Ойынның 11-минутында Мергим Войвода гол соқса, 61-минутта Максенс Какере есепті еселеді.
Осылайша «лариани» 45-ұпайын олжалап турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты. Ал 46 ұпайы бар Туриннің клубы бесінші сатыда келеді.
Сеск Фабрегас шәкірттері келесі турда «Леччені» қабылдаса, Лучано Спаллеттидің командасы «Ромаға» қонаққа барады.