21.02.2026 20:47

Милнер АПЛ-де ең көп матч өткізген ойыншы атанды

21.02.2026 20:47

«Брайтон» жартылай қорғаушысы Джеймс Милнер Ағылшын Премьер-лигасында ең көп матч өткізген футболшы атанды

40 жастағы жартылай қорғаушы «Брентфордқа» қарсы 654-ші матчына шықты.

Осылайша Гарет Бэрриге (653 ойын) тиесілі болған рекордты жаңартты.

Джеймс «Брайтонға» (35 матч) дейін «Лидс» (48), «Ньюкасл» (94), «Астон Вилла» (100), «Манчестер Сити» (147) және «Ливерпуль» (230) сапында ойнаған еді. Ол Англия біріншілігінде жалпы 56 гол соғып, 87 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram