21.02.2026 15:02
«Барселона» ойыншысына «Интер» көз тікті
21.02.2026 15:02
«Барселона» қорғаушысы Алехандро Бальде клуб ауыстыруы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, 22 жастағы испаниялық ойыншыны «Интер» өз қатарынан көргісі келеді. «Нерадзурри» оны келер жылы келісімшарты аяқталатын Федерико Димарконың орнына қарастырып отыр. Сондай-ақ Алехандроға «Манчестер Юнайтед» те қызығушылық танытуда.
Бальде осы маусымда 32 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді. Оның «блаугранамен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Оған сәйкес, Бальдені сатып алу құны 1 миллиард еуроны құрайды.