21.02.2026 12:42
Николас Джексонге төрт клуб көз тікті
21.02.2026 12:42
«Баварияда» жалда жүрген «Челси» шабуылшысы Николас Джексон жақында клуб ауыстыруы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 24 жастағы форвардты «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм», «Астон Вилла» және «Ньюкасл» өз қатарынан көргісі келеді.
Джексон осы маусымда 22 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның «Челсимен» келісімшарты 2033 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.