21.02.2026 10:13

«Ливерпуль» «Милан» ойыншысына көз тікті

21.02.2026 10:13

«Милан» қорғаушысы Фикайо Томори Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

Sports Boom хабарлауынша, 28 жастағы ағылшын ойыншысына «Ливерпуль» қызығушылық танытып отыр. Мерсисайдтың клубы оны жазда келісімшарты аяқталатын Ибраима Конатенің орнын басатын футболшы деп біледі.

Томоридің өзі Англияда ойнауға қарсы емес. Ол АПЛ-де өзін көрсетіп, Ұлттық құрамамен Әлем чемпионатына барғысы келеді.

Томори «россонерри» сапына 2021 жылы «Челсиден» 35,3 миллион еуроға келіп қосылған еді. Фикайо осы маусымда 26 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram