21.02.2026 02:11

«Реал» ойыншысы қатардан шықты

21.02.2026 02:11

«Реал» қорғаушысы Дин Хейсен жарақат алды

20 жастағы испаниялық ойыншы оң аяғының балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен 5-7 күн алаңға шыға алмайды.

Дин бүгінгі жаттығуға қатыспады және Ла Лиганың 25-туры аясында «Осасунаға» қарсы ойнамайды. Ол 25 ақпан күні өтетін «Бенфикамен» матчқа дайын болады деп күтілуде.

Хейсен осы маусымда 27 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram