20.02.2026 21:49
Дембеле қатардан шықты
20.02.2026 21:49
ПСЖ шабуылшысы Осман Дембеле жарақат алды

28 жастағы француз форварды сол аяғының балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты 21 ақпан күні өтетін «Мецке» қарсы матчқа және командамен жаттығуға қатыспайды.
Ал тізесіндегі жарақатына байланысты соңғы алты матчтан тыс қалған Фабиан Руис жекелеген бағдарлама бойынша шынығуды бастапты.
Дембеле осы маусымда 25 матчта 11 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Руис болса 24 ойынға қатысып, екі гол мен үш ассисттің авторы атанды.