21.02.2026 11:32

Филиппе Коутинью клубсыз қалды

21.02.2026 11:32

Филиппе Коутинью «Васко да Гамадан» кетті

33 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы 30 маусымға дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.

Енді Коутиньюды «Лос-Анджелес Гэлакси» өз қатарына қосып алғысы келеді. Жақында MLS клубы Филиппенің агентімен кездесіп, келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Коутиньо «Астон Вилла», «Бавария», «Барселона», «Ливерпуль» және «Интер» секілді топ-клубтарда ойнаған. Ол осы маусымда жеті матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram