21.02.2026 18:44

Нуньес АПЛ-ге оралуы мүмкін

21.02.2026 18:44

«Әл-Хиләл» шабуылшысы Дарвин Нуньес Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 26 жастағы форвардтың агентімен «Тоттенхэм» және «Ньюкасл» келіссөз жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ Дарвинді «Атлетико» мен «Ювентус» біраздан бері бақылап жүр. Уругвай құрамасының өкілі клуб ауыстырғысы келеді екен.

Саудияның клубы Нуньесті тамыз айында «Ливерпульден» 53 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 24 матчта тоғыз гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram