21.02.2026 21:00
Ислам Чесноков гол соқты
21.02.2026 21:00
Шотландия Премьершипінің 28-турында «Хартс» өз алаңында «Фолкиркті» 1:0 есебімен жеңіп жатыр

Ойынның 45-минутында Ислам Чесноков есеп ашты. Бұл отандасымыздың «Хартс» сапындағы алғашқы голы болды. Қазір аталған кездесуде үзіліс.
Айта кетейік, Чесноков «Хартсқа» 6 қаңтар күні «Тобылдан» ауысып келіп, 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған еді.