29.04.2026 00:31

Кейн тарихи нәтиже тіркеді

29.04.2026 00:31

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн рекорд орнатты

32 жастағы форвард Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы ПСЖ-ға қарсы алғашқы матчта 17-минутта пенальтиден гол соғып, есеп ашты.

Осылайша ол турнирде алты матч қатарынан гол соққан алғашқы англиялық ойыншы атанды және 2008 жылы «Ливерпульдің» аңызы Стивен Джеррард тіркеген рекордты жаңартты.

Қазір матчтың 30-минуты өтіп жатыр. 25-минутта Хвича Кварацхелия таразы басын теңестіріп кетті – 1:1.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram