29.04.2026 00:44

Кейн Левандовскимен теңесті

29.04.2026 00:44

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн ерекше нәтиже тіркеді

32 жастағы англиялық форвард Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы ПСЖ-ға қарсы алғашқы матчта 17-минутта пенальтиден гол соғып, есеп ашты.

Осылайша ол плей-офф кезеңінінің қатарынан бес матчында гол соқты. Мұндай көрсеткішті Мюнхеннің клубында тек Роберт Левандовски 2016-2018 жылдар аралығында тіркеген.

Қазір матчтың 44-минуты өтіп жатыр. Сондай-ақ 25-минутта Хвича Кварацхелия, 33-минутта Жоау Невеш және 41-минутта Майкл Олисе гол соқты. Есеп – 2:2.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram