02.09.2025 17:44

Карвахаль: Хаби қатал бапкер

02.09.2025 17:44

«Реал» қорғаушысы Дани Карвахаль Карло Анчелотти мен Хаби Алонсоның айырмашылығын атады

— Әр бапкердің өзіндік методикасы бар. Хаби мен Карло – екі түрлі буынның өкілдері. Анчелоттидің тұсында команда еркін жүретін. Әркім, қалауынша кешіге беретін. Ал Хаби темірдей тәртіп болғанын қалайды. Қазір команда бас бапкердің сөзін екі етпейді,– деді Карвахаль Marca басылымына.

Еске салсақ, Алонсо мадридтік «Реал» тізгінін 1 маусымда ұстаған еді. Осы аралықта «бланкос» Ла Лигада үш матч өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram