28.09.2025 00:03

Карвахаль: Масқара болдық

28.09.2025 00:03

«Реал» қорғаушысы Дани Карвахаль «Атлетикоға» (2:5) қарсы ойын жайлы сөз қозғады

— «Масқара болдық! Бізді енді сөзбен жұбату мүмкін емес. Бірақ, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі маусымның біраз бөлігі бар»,– деді Карвахаль баспасөз мәслихатында.

Испаниялық қорғаушы бұл матчты жарақатына байланысты жалғастыра алмай, 59-минутта алаңдағы орнын босатқан еді.

Айта кетейік, Мадридтің ұжымы келесі кездесуін Чемпиондар лигасының 2-туры аясында «Қайратқа» қарсы Алматыда өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram