17.09.2025 21:47

Камавинга ат басын АПЛ-ге бұруы мүмкін

17.09.2025 21:47

«Реал» ойыншысы Эдуардо Камавинга мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

Fichajes мәліметінше, франциялық жартылай қорғаушыға «Челси» қызығушылық танытып отыр.

Лондондық клуб 22 жастағы ойыншы үшін келесі жазда «Реалға» 60 миллион еуро ұсыныс жасап көрмек.

Камавинга «бланкос» намысын 2021 жылдың тамыз айынан бері қорғап келеді. Мадридтік ұжымның сапында жалпы 180 матч өткізіп, төрт гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram