17.09.2025 16:15
«Тоттенхэм» жеңіліссіз сериясын ұзартты
17.09.2025 16:15
«Тоттенхэм» Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында «Вильярреалды» 1:0 есебімен тізе бүктірді
Матчтағы жалғыз голды испаниялық клубтың қақпашысы Луис Жуниор өз қақпасына соғып алды.
Осылайша лондондықтар еурокубоктағы өз алаңындағы жеңіліссіз сериясын 21 матчқа дейін ұзартты.
Соңғы рет «қораздар» 2020 жылдың ақпан айында Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Лейпцигке» (0:1) есе жіберген болатын. Осы аралықта команда 17 рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түсті. Қарсылас қақпасынан жалпы 56 рет саңылау тапса, өздері 13 доп жіберіп алды.
Айта кетейік, Томас Франк шәкірттері Чемпиондар лигасының келесі турында «Будё/Глимтке» қонаққа барады.