03.06.2026 20:58
Калафьори «Реалға» ауысуы мүмкін
03.06.2026 20:58
«Арсенал» қорғаушысы Риккардо Калафьори «Реалға» ауысуы мүмкін

Рамон Альварес де Монның хабарлауынша, оны Жозе Моуринью өз командасында көргісі келеді және клуб басшылығына сатып алуды ұсыныпты. Жозеге 24 жастағы италиялық ойыншының әмбебаптығы қатты ұнайды екен.
Калафьори Лондонның клубына 2024 жылы «Болоньядан» 43,7 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 36 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.