03.06.2026 20:48
Флик Ла Лиганың үздік бапкері атанды
03.06.2026 20:48
Ханс-Дитер Флик Испания Ла Лигасының осы маусымдағы үздік бапкері атанды

Оның тұсында «Барселона» 38 турдан кейін 94 ұпай жинап чемпион атанды және бір маусымда өз алаңындағы барлық 19 матчта жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы клуб болды.
Осылайша 61 жастағы неміс маманы жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Хосе Бордалас («Хетафе») пен Марселиноны («Вильярреал») артқа тастады.