03.06.2026 18:12
Влахович «Ювентустен» кетеді
03.06.2026 18:12
«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович жазда клубтан кетеді

Николо Скираның хабарлауынша, Туриннің клубы 26 жастағы серб форвардына 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс жасаған, бірақ Душан бас тартыпты. Осылайша ол еркін агент ретінде клуб ауыстырады. Қазір оған «Манчестер Юнайтед», «Бавария» және «Милан» қызығушылық танытуда.
«Бьянконери» Влаховичті 2022 жылы «Фиорентинадан» 85,4 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 23 матчта он гол соғып, екі нәтижелі пас берді.