03.06.2026 14:46
«Бавария» жаңа жартылай қорғаушы алмақ
03.06.2026 14:46
ПСВ жартылай қорғаушысы Исмаэль Сайбари «Баварияға» ауысуға жақын

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, қос тарап сәтті келіссөз жүргізіп жатыр және жақында 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Бас бапкер Венсан Компани Сайбариді өз командасында көргісі келеді.
25 жастағы Марокко құрамасының ойыншысы осы маусымда 37 матчта 19 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді және биыл Әлем чемпионатына барады.