03.06.2026 12:09
Мак Аллистер «Атлетикоға» ауысуы мүмкін
03.06.2026 12:09
«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Алексис Мак Аллистер мансабын Испания Ла Лигасында жалғауы мүмкін

Ole хабарлауынша, 27 жастағы аргентиналық ойыншыны «Атлетико» өз қатарынан көргісі келеді. «Матрасшылардың» бас бапкері Диего Симеоне оны аттай қалап отыр. Одан бөлек оған Мадридтің тағы бір клубы «Реал» қызығушылық танытуда.
Алексис Мерсисайдтың клубына 2023 жылы «Брайтоннан» 42 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 55 матчта бес гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.