03.06.2026 08:57

Дюмфрис «Реалға» ауысады

03.06.2026 08:57

«Интер» қорғаушысы Дензел Дюмфрис «Реалға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. Мадридтің клубы оны «Интермен» келісімшартында көрсетілгендей 20 миллион еуроға сатып алады. Жақында Дензел «бланкоспен» 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Дюмфристі «Барселона» да Жюль Кундеге бәсекелес ретінде алғысы келген еді, бірақ «Реал» шаң қаптырып кетті.

30 жастағы Нидерланд құрамасының қорғаушысы биылғы маусымда 28 матчта бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram