02.06.2026 23:05
Бельгия Хорватиядан басым түсті
02.06.2026 23:05
Бельгия сырт алаңда Хорватияны 2:0 есебімен тізе бүктірді

Риекада өткен жолдастық кездесуде алғашқы голды 38-минутта «Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Юри Тилеманс соқты. Кейін 90+6-минутта «Наполи» форварды Ромелу Лукаку құрамадағы 90-голын соғып, есепті еселеді.
Енді «қызыл сойқандар» келесі жолдастық матчын 6 маусым күні Туниске қарсы өткізеді. Ал шақпақ жейделі команда 7 маусым күні Словениямен шеберлік байқасады.