02.06.2026 19:05
Конате «Реалға» ауысады
02.06.2026 19:05
Ибраима Конате «Реалға» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша келісімге келді. Енді Флорентино Перес 7 маусым күні өтетін президент сайлауында топ жарса, 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойылады. Конате осы үшін Сауд Арабиясынан түскен ұсыныстан бас тартыпты.
Осыған дейін 27 жастағы француз қорғаушысының «Ливерпульден» кететіні хабарланған еді. Ол осы маусымда 51 матчқа қатысып, екі гол соқты.