03.06.2026 17:07
«Наполи» Хейлундты сатып алды
03.06.2026 17:07
Расмус Хейлунд «Наполи» ойыншысы атанды

Неапольдің клубы 23 жастағы даниялық форвардты «Манчестер Юнайтедтен» алты миллион еуроға жалға алған еді. Сондай-ақ «Наполи» Чемпиондар лигасына жолдама алған жағдайда 44 миллионға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Клуб биылғы маусым Италия А Сериясында екінші орын алып, қарт құрлықтың басты додасына шықты. Нәтижесінде Расмус толыққанды «Наполи» ойыншысы атанып, қос тарап 2029 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды, сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.
Хейлунд «Наполиге» келгелі 44 матчта 16 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.