02.10.2025 10:44

«Ювентус» 12 жыл бұрынғы нәтижесін қайталады

02.10.2025 10:44

«Ювентус» Чемпиондар лигасының жаңа маусымын екі тең нәтижемен бастады

Туриннің клубы екінші турда «Вилььярреалмен» (2:2) тең тарқасты. Осыған дейін бірінші ойында «Боруссиямен» (4:4) өзара жеңімпазды анықтай алмаған еді.

Осылайша «қарт синьора» 2013/14 жылғы маусымнан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының маусымын екі тең нәтижемен бастады. Ол кезде команда «Галатасарай» және «Копенгагенмен» ұпай бөліскен.

Екі матчтан кейін екі ұпай жинаған Игор Тудор шәкірттері турнир кестесінде 23-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram