03.04.2026 17:47
Италия бас бапкерсіз қалды
03.04.2026 17:47
Дженнаро Гаттузо Италия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қос тарап келісімшартты өзара келісім бойынша бұзды.
48 жастағы маман «скуадра адзурраны» 2025 жылдың маусым айында тізгіндеген еді. Осы аралықта команда сегіз матчтың алтауында жеңіске жетсе, екі матчта қарсыласына жол берді.
Осыған дейін Италия футбол федерациясының президенті Габриэле Гравина мен делегация басшысы Джанлуиджи Буффон да орнын босатқан еді.
Айта кетейік, Италия ӘЧ-2026 іріктеуінің финалында Босния және Герцеговина құрамасына (1:1, 1:4 пен.) есе жіберіп, қатарынан үшінші рет Әлем чемпионатына шыға алмай қалған.